KAZMEDIA HOLDING туралы

KAZMEDIA HOLDING ЖШС 2012 жылы құрылған. Нарықта жоғары сапалы халықаралық контентті жергіліктендіру, баспа бизнесі және корпоративтік оқыту салаларына маманданған, әртараптандырылған медиа-компаниясы ретінде жұмыс істеп келеді.

KAZMEDIA HOLDING –  New York Times лицензиясымен жарық көретін Turning Points, сондай-ақ National Geographic журналдарының Қазақстандағы эксклюзивті құқық иесі. Сонымен қатар, көшбасшылық пен басқару дағдыларын дамыту саласында әлемдегі ең беделді шешімдер саналатын Harvard ManageMentor және Harvard Business Publishing Collection онлайн оқыту платформалары бойынша  Harvard Business Impact-тің серіктесі.

National Geographic журналын 2016 жылдан бастап қазақ тілінде шығару арқылы қазақ оқырмандарына әлемдік деңгейдегі ғылыми-танымдық материалдардың қолжетімділігін арттырды.

2024 жылы компанияның салалық бағдарын кеңейту туралы шешім қабылданып, МИФ баспасының негізін қалаушы, өзін-өзі дамыту және кәсіпкерлік туралы кітаптар шығарумен айналысатын танымал маркетолог Игорь Маннмен бірлескен Mentor Baspasy ЖШС құрылды.

Компания 2025 жылы Harvard университетінің корпоративтік оқытумен айналысатын Бизнес мектебінің еншілес ұйымы Harvard Business Impact-пен Harvard ManageMentor онлайн курстарын және Harvard Business Publishing Collection платформасын Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында ұсыну бойынша келісімге қол жеткізді.

2025 жылы KAZMEDIA HOLDING  New York Times Licensing-нің Turning Points – жаһандық трендтер мен идеялар туралы лицензиялы журналын  Қазақстанда алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде шығару туралы ұзақ мерзімді лицензиялық келісімге қол қойды. Turning Points бүгінгі әлемді қалыптастыратын идеяларға, күштер мен серпілістерге қатысты өзінің бірегей көзқарас-пікірін бөлісетін жаһанға танымал авторлардың мақалаларын қамтиды. Басылымның жергілікті нұсқасы осы пікір-толғамдарды жылдам өзгеріп жатқан әлемдегі Қазақстанның жағдайында өзекті болатын мазмұнмен толықтыра отырып, жаңа аудиторияға ұсынады. Компания журналдың жарыққа шығуына орай жыл сайын отандық және әлемдік сарапшылардың қатысуымен арнаулы форум өткізеді.

Біздің жетістіктеріміз

2015
Icon
National Geographic

National Geographic-пен журналдың қазақ тіліндегі нұсқасын шығару туралы шартқа қол қойылды.

2024
Icon
Mentor Baspasy

MENTOR Baspasy еншілес баспа компаниясы құрылды.

2025
Icon
New York Times

New York Times газетімен Turning points журналын қазақ және орыс тілдерінде шығару туралы келісімге қол жеткізілді.

2025
Icon
Harvard Business Publishing

Harvard Business Impact компаниясымен онлайн корпоративтік оқыту өнімдерін сату туралы келісімге қол қойылды.

Консультативтік кеңес

Консультативтік кеңес стратегиялық шешімдер қабылдау үшін сараптамалық білім, ұсыныстар мен қолдау көрсетеді.
Дархан Мыңбай
Қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, қоғам және мәдениет саласындағы зерттеуші
Юлия Бойл
FIPP, жаһандық медиа қауымдастығының төрағасы; YPB Global Advisory компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі. Бұған дейін National Geographic, 21st Century Fox және The Walt Disney Company компанияларында және т.б. жоғары лауазымдарда болған. Silknet and Silk Road Group бақылау кеңесінің мүшесі (Грузия)
Балтабек Мұқашев
Қазақстандық кәсіпкер, меценат. Eurasia Gold, Eurasia Roads, Eurasia RED, HOME Mart компанияларының тең құрылтайшысы
Игорь Манн
МИФ және MENTOR баспаларының негізін қалаушы. Танымал маркетолог, көптеген кітаптың авторы
Еркін Жақыпов
"KAZMEDIA HOLDING" ЖШС негізін қалаушы және бас директоры

Біздің ұжым

Еркін Жақыпов
Бас директор
Мақсатхан Сержанов
Заң қызметінің жетекшісі
Мақсат Қожамбек
Қаржы директоры
Айбын Шағалақ
Баспа жобалары және контентті дамыту жөніндегі Басқарушы директор
Қанат Абашов
Стратегиялық даму және бизнес жөніндегі Басқарушы директор
Нұрсұлтан Садуақасов
Маркетинг және жарнама бөлімінің директоры
Бибігүл Имомбаева
Сату бөлімінің жетекшісі
Ерболат Шадрахов
Шеф-фотограф
Айбек Алимханов
Беттеуші-дизайнер
Айжан Оқас
Жоба менеджері
Нұржауған Мұқанова
Тілші
Назерке Аяз
SMM менеджері
Димаш қадыр
Тарату менеджері
Кеңесова Асель
Қаржыгер
Қыдырбаев Оразай
Веб-редактор, National Geographic Qazaqstan
Жақыпқызы Гулзада
Экономист
Баужанов Қайыржан
Логистика менеджері
Әбдісаматова Раухан
Кеңсе менеджері

Біздің серіктестер

Integration iconIntegration iconIntegration icon