Harvard Business Impact

KAZMEDIA HOLDING компаниясы Харвард Бизнес Мектебінің еншілес ұйымы – Harvard Business publishing-пен арадағы келісім аясында көшбасшылық пен басқару дағдыларын дамыту саласында әлемдегі ең беделді шешімдер саналатын  Harvard ManageMentor және Harvard Business Publishing Collection онлайн оқу курстарын Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумақтарында ұсынатын эксклюзивті дистрибьютор болады. Бұл ұзақ мерзімді серіктестік Harvard Business Impact-тің корпоративтік даму жөніндегі онлайн ресурстарының Орталық Азияға алғаш рет келуімен бірге өңірде кәсіби білім берудің жаңа стандарты орнығатынын білдіреді. Платформалар контенті Харвард Бизнес Мектебінің жетекші профессорларының, Harvard Business Review журналы авторларының, көшбасшылық пен басқару саласындағы жаһандық сарапшылардың тәжірибесіне негізделіп жасалған. Бұл ресурстар қазіргі таңда Global 2000 тізіміндегі әлемдік алпауыт компанияларда таланттарды дамыту мен басқарушылық қабілеттерді қалыптастыру үшін кеңінен қолданылады.
Header image
веб-сайтқа өту
веб-сайтқа өту