National Geographic Qazaqstan журналының алғашқы нөмірі 2016 жылдың ақпан айында шықты. 130 жылдан астам тарихы бар журналдың дүние жүзіндегі оқырмандарының саны 40 миллионнан, ал брендтің жалпы аудиториясы (журнал, телеарна, кітап, әлеуметтік медиа) 900 миллионнан асады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет ана тілімізде әлемдік деңгейдегі шетелдік журналдың жарық көруі мемлекеттік тілдің халықаралық мәртебесін арттыруға ықпал еткені сөзсіз. Ежелгі заман тарихынан бастап табиғат, география, археология, биология, астрономия, медицина және басқа да заманауи ғылым салаларын қамтитын журналға енді сіздің де жазылу мүмкіндігіңіз бар. Адамзат өркениетінің ең өзекті мәселелеріне бейжай қарамайтын озық ойлы қауымдастықтың мүшесі болыңыз. Қатарымызға қосылыңыз – әлемді бірге өзгертейік!