KAZMEDIA HOLDING, National Geographic-пен келісім аясында жыл сайын әртүрлі тақырыптарда лицензияланған фотокөрмелер өткізеді. Соңғы бірнеше жылда National Geographic "PhotoArk", "The greatest wildlife photographs", "The Future of Food" көрмелері, сондай-ақ "Америка және Қазақстан... сіз ойлағаннан да жақын", "Қазақстан құстары","Қазақстанның жабайы табиғаты" және " Ұлы дала киесі" атты көрмелер өткізді.